Еркін күрес: Әлішер Ерғали Олимпиадада жұбаныш белдесуін өткізеді

Еркін күрес: Әлішер Ерғали Олимпиадада жұбаныш белдесуін өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

97 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын. Жұбаныш белдесуіне қатысу үшін Әлішер қарсыласының финалға дейін сүрінбей жетуін күтті. 

Тажудинов болса, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Енді Әлішер Ерғали ирандық Азарпира Амиралимен жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Белдесу Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған. 

Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медальға таласу мүмкіндігі пайда болады. 

Фото: Сали Сабиров

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или