русский язык
Басқа

Париж-2024: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр

Париж-2024: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде алғашқы 30 елдің қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ел құрамасы дәл қазіргі есеп бойынша жалпы медальдар кестесінде алғашқы 30 елдің қатарынан шығып, 34-орынға сырғып кетті. Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Ал жалпы есепте бүгін АҚШ құрамасын қытайлықтар басып озып, медальдар кестесінде көш басына шықты. Қытайлардың еншісінде әзірге 32 алтын, 25 күміс, 20 қола медаль бар.

Ал АҚШ құрамасы олардан 2 алтынға кем. Олардың еншісінде 30 алтын, 38 күміс, 36 қола медаль бар.

Үздік үштікті әзірге Аустралия құрамасы түйіндеп тұр. Оларда 18 алтын, 15 күміс, 14 қола медаль бар. Жарыстар әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі медальдар кестесі әлі де өзгеруі мүмкін.

Ал Олимпиада қожайындары Франция құрамасы әзірге төртінші орында келеді. Олардың еншісінде 14 алтын, 19 күміс, 22 қола медаль бар.

Жалпы Олимпиада алтынына 54 мемлекет, күміске 71 ел, ал қолаға 80 ел қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр.

Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;