русский язык
Единоборства

Париж полициясы Олимпиаданың қола жүлдегерін қамауға алды

Париж полициясы Олимпиаданың қола жүлдегерін қамауға алды

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, мысырлық танымал балуан Мохамед Эльсаид Парижде қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Спортшы сексуалды әрекеттері үшін ұсталған. Le Parisien мәліметінше, 26 жастағы африкалық балуан Париждегі 13-округ учаскесінде отыр.

Ол бейтаныс әйелдің қасында өзін әдепсіз ұстады деген күдікке ілікті. Оқиға 9 тамыз күні болған. Мысырлық сол күні дәмханадан мас күйде шығып, өзгелерге тиісе бастаған.

Зардап шеккен әйелдің шағымынан соң полиция тез арада тергеуді бастаған.

Осымен Париж олимпиада ойындарына қатысуға келген екінші спортшы полицияға түсіп отыр. Бұған дейін кокаин сатып алды деген австралиялық хоккейші Том Крейг ұсталып, кейіннен босатылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;