русский язык
Единоборства

Елдос Сметов спорттағы мансабын аяқтай ма

Елдос Сметов спорттағы мансабын аяқтай ма

2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов мансабын аяқтау туралы ақпаратқа түсінік берді.

- Елдос, бұқаралық ақпарат құралдарында Париж Олимпиадасы сіздің мансабыңыздағы соңғы олимпиада болды деген ақпарат тарады. Бұған не дейсіз ?

- Ең алдымен, барша қазақ халқына жылы лебізі мен құттықтаулары үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Оған Қазақ рухы мен мінезінің арқасында қол жеткізілді деп санаймын. Біз бұл жеңісті 44 жыл күттік, Аллаға шүкір, оған жеттік. Екіншіден, мен әлі мансабымды аяқтау немесе жалғастыру туралы шешім қабылдаған жоқпын. Бұрынғы сұхбаттарымда мен көңіл көтеріңікі немесе керісінше көңіл-күйің нашар кезде шешім қабылдауға болмайтынын айтатынмын. Қазір мен эйфориядамын, не болып жатқанын аса түсінбеймін. Олимпиада ойындарындағы жеңісті өз басым 15-16 жыл күттім. Сондықтан мен қазір «нокдаун» алған адам сияқты күйдемін. Мұның бәрі түс сияқты. Маңызды шешім қабылдауға әлі ерте, - деді ол.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;