русский язык
Бокс

Назым Қызайбайдың жартылай финалдағы жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Назым Қызайбайдың жартылай финалдағы жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Бүгін түнде Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшысы Назым Қызайбай жартылай финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта Қызайбай қытайлық У Юмен кездеседі.

Жекпе-жек тікелей эфирде Астана уақытымен 01:00-де басталады, оны «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалында колумбиялық боксшы Ингрита Валенсияны (4:1) жеңген болатын.

Айта кетейік, Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016), ал У Ю қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;