«Алғашқы күн финалсыз». Олимпиадада 5 тамызда қазақстандық спортшылардың нәтижелері
5 тамызда Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан төрт спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ту ұстаушы Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде финалға өте алмады.
Ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан микстте іріктеуден өтпеді.
Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали қарсыластарына жол берді. Енді ертең олардың қарсыластарының финалға шыққанын күтеміз.
Стенд ату
Скит. Іріктеу. Микст
Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко – 12-орын (140), финалға шықпады
Жеңіл атлетика
200 м. Әйелдер. Жұбаныш кезеңі
Ольга Сафронова – өз тобында 6-орын (23.70), финалға шықпады
Грек-рим күресі
Ерлер, 130 кг. 1/8 финал
Әлімхан Сыздықов – Алин Алексус Чюрариу (Румыния) – 3:1
Ерлер, 130 кг. Ширек финал
Әлімхан Сыздықов – Сабах Шариати (Әзербайжан) – 0:4
Ерлер, 60 кг. 1/8 финал
Айдос Сұлтанғали – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) – 3:6