русский язык
Единоборства

Айдос Сұлтанғали Олимпиаданың ширек финалына өте алмады

Айдос Сұлтанғали Олимпиаданың ширек финалына өте алмады

Бүгін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Айдос Сұлтанғали Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалдық кезеңде Сұлтанғали екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен кездесті.

60 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде Айдос 3:6 есебімен қырғызстандық балуаннан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бүгін 130 келі салмақтағы қазақ балуаны Әлімхан Сыздықов та өнер көрсетті. 1/8 финалда Әлімхан румыниялық Алин Киуариуды 3:1 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;