Париж Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың 4 тамыздағы кестесі
Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарының тоғызынша жарыс күнінде қазақстандықтар бес спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалда жекпе-жек өткізеді.
Мергендеріміз нысана көздеу және стенд атудан соңғы жарыстарға қатысады.
Ал жеңіл атлетикадан үш түрлі жарыста бақ сынаймыз.
4 тамыз
Стенд ату
12:00. Скит. Іріктеу. Әйелдер. Екінші күн
Әсем Орынбай
18:30. Финал
Нысана көздеу
12:00. 25 метрден тапанша. Бірінші кезең
Никита Чирюкин
Жеңіл атлетика
13:05. Стипль-чез 3000 м. Әйелдер. Бастапқы кезең
Дейзи Джепкемей, Нора Джеруто
13:55. 200 м. Әйелдер. Бастапқы кезең
Ольга Сафронова
14:50. Кедергімен 110 м. Ерлер. Бастапқы кезең
Давид Ефремов
Бокс
15:52. Ерлер, 80 кг. Жартылай финал
Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)