Олимпиада: Қазақстандық бадминтоншы жарыс жолынан шығып қалды

Олимпиада: Қазақстандық бадминтоншы жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада турнирінің топтық кезеңіндегі екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Панарин канадалық Брайан Янгпен кездесіп, екі сетте ұтылды - 18:21, 10:21.

Айта кетейік, Ян 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы және жеке, командалық жарыстардағы Панамерикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

Осылайша, Дмитрий Панарин топта екі рет жеңіліске ұшырап, плей-офф кезеңіне өте алмады: бұған дейін қазақстандық спортшы жапон спортшысы Кента Нишимотаға есе жіберген болатын - 0:2 (5:21, 11:21).

Еске сала кетейік, Қазақстан осы турнирде бадминтоннан Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или