Олимпиаданың медаль кестесі: Қазақстан нешінші орында?
2024 жылы Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан алғашқы алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел қоржынына алтын жүлдені дзюдошы Елдос Сметов салды. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде финалда грузин тегі француз Лука Мхеидзеден басым түсті. Айта кетейік, бұл Сметовтың Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалі: ол бұрын күміс және қола жүлдегер атанған болатын.
Бірінші «алтынның» арқасында Қазақстан Олимпиадада медальдық есепте екінші орынға көтерілді: құрама бір алтын және бір қола медальі бар Бельгия және Жапониямен екінші орынды бөлісіп тұр. Көш басындағы Қытайдың еншісінде екі алтын медаль бар.
Сонымен қатар, Қазақстан еншісінде қола медаль да бар. Нысана көздеуден спортшыларымыз үшінші орын үшін таласта Германия елінің өкілдерін жеңді.