Тағы бір қазақстандық теннисші Олимпиадаға қатыспайтын болды

Тағы бір қазақстандық теннисші Олимпиадаға қатыспайтын болды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Юлия Парижге ұшып барып, Олимпиадаға дайындықты бастаған. Бірақ украиналық Марта Костюкке қарсы матч алдындағы дайындық барысында тізесін жарақаттап алған. Медициналық тексерістен кейін Путинцева кортқа шыға алмайтын болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или