«Жүлдеге үміт бар». Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың 27 шілдедегі кестесі

«Жүлдеге үміт бар». Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың 27 шілдедегі кестесі

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы сайыс күнінде ел қоржнына медаль түсуі ықтимал. 2016 және 2020 жылдары Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова жарыс жолына шығады.

Велоспорттан Евгений Федоров жекелей жарыста өнер көрсетеді.

Теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева алғашқы матчын өткізеді. 

Ал бокс турнирінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке шығады.

Сонымен қатар, бұл турнирде футбол, гандбол, баскетбол, волейбол және регби матчтары, жүзу, семсерлесу, есу слаломы мен скейтбординг жарыстары басталады.

27 шілде кестесі

Rowing Академиялық ескек есу
12:00. Ерлер. Жекелей
Владислав Яковлев

Shooting Оқ ату
12:00. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Микст
Арина Алтухова/Константин Малиновский, Александра Ле/Ислам Сатпаев

13:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Ерлер
Никита Чирюкин

15:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Әйелдер
Ирина Юнусметова

Judo Дзюдо
13:00. Әйелдер, 48 кг
Әбиба Әбужақынова
13:00. Ерлер, 60 кг
Елдос Сметов
19:00. Финалдар

Artistic Gymnastics Спорт гимнастикасы
14:00. 18:30. 23:00. Іріктеу. Ерлер
Милад Карими, Нариман Құрбанов

Tennis Теннис
Ерлер. Бірінші айналым
15:00. Александр Бублик – Тэйлор Фриц (АҚШ)

Әйелдер. Бірінші айналым
15:00. Юлия Путинцева – Мата Костюк (Украина)

Cycling Road Велоспорт
19:32. Жекелей жарыс. Ерлер
Евгений Федоров

Table Tennis Үстел теннисі
Жекелей сын. Бірінші айналым
00:30. Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили)

Boxing Бокс
Ерлер, 63,5 кг. 1/16 финал
00:52. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибаррече Конде (Испания)

Қайдан көруге болады:
Qazsport 11:55-тен бастап
Qazaqstan 11:55-тен бастап
Хабар 13:20-дан бастап
Ел Арна 14:00-ден бастап

* Қазақстан уақытымен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или