русский язык
Теннис

Олимпиадаға 1 күн қалғанда қоржынға тағы бір жолдама түсті

Олимпиадаға 1 күн қалғанда қоржынға тағы бір жолдама түсті

Қазақстан Париж Олимпиадасында теннистен тағы бір лицензия алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады. Ал жарыс 29 шілдеде басталады.

Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик.

Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;