Суперкомпьютер Қазақстанның Париждегі Олимпиадада қанша медаль алатынын болжады
Спорттық іс-шаралардың деректері мен болжамдарын сараптайтын Nielsen Gracenote компаниясы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан қанша медаль алатынын болжады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, суперкомпьютерлік есептеулер бойынша Қазақстан Олимпиаданы он медальмен аяқтайды: екі алтын, үш күміс және бес қола.
Gracenote болжамы бойынша медальдар кестесінің көшбасшысы 112 жүлдемен АҚШ (39-32-41), одан кейін Қытай - 86 (34-27-25), ал Ұлыбритания 63 жүлдемен (34-27-25) үздік үштікке кіреді.
Gracenote деректері 2020 жылғы Токио Олимпиадасынан кейінгі спортшылардың жетістіктерін талдауға негізделген.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада 26 шілдеде басталады, Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или