Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсететін бишілер наразылық білдірді

Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсететін бишілер наразылық білдірді

Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында бишілер жалақының тең бөлінбеуін сұрап, наразылық білдіріп жатыр. Дүйсенбі, 22 шілдеде репетиция кезінде әртістер нөмірді орындаудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты championat.coм-ға сілтеме жасап.

Музыка басталғанда олар қарсылық білдіріп, жұдырықтарын көтерді. France Info хабарлағандай, наразылық акциясы 10 минутқа созылды.

Бұған дейін Францияның Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) кәсіподақ ұйымы 26 шілдеде Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты күні ереуілге шығатынын айтқан. Олар бишілердің қойылымдарын таратуға байланысты авторлық құқықтар үшін төлемдегі айырмашылыққа наразы, жалақы мөлшері 60 евродан 1 610 евроға дейін.

Дереккөз хабарлағандай, CGT дүйсенбі күні таңертең Paname24 рәсімінің атқарушы продюсерімен кездесу өткізді, бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или