русский язык
Футзал

Арнольд Кнауб «Қайрат» командасынан кетті

Арнольд Кнауб «Қайрат» командасынан кетті

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб келісімшартының аяқталуына байланысты «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арнольд 2023/24 маусымының ортасында «Қайратқа» ауысып, клубқа чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алуға көмектесті. Жалпы маусымда ойыншы 39 матч өткізіп, 21 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

«Қайрат» командасы Арнольдқа команданың нәтижелеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және оған болашақ мансабында сәтті ойындар тілейді», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;