русский язык
Әлем футболы

Испания - төрт дүркін Еуропа чемпионы

Испания - төрт дүркін Еуропа чемпионы

Германияда өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Испания құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Испания құрамасы сапында Нико Уильямс пен Микел Оярзабал гол соқты. Ал ағылшындар сапында Коул Палмер көзге түсті.

Айта кетейік, Испания құрамасы Еуропа чемпионатын тарихта төртінші рет (1964, 2008, 2012, 2024) жеңіп алды. Ал Англия Еуро финалында қатарынан екінші рет жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;