Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында клуб ауыстыруы мүмкін

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында клуб ауыстыруы мүмкін

Жақында Беларусьтің «Слуцкінен» кеткен қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев БАТЭ-ге ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ukho telegram арнасының хабарлауынша, 25 жастағы футболшы сынақтан өту үшін Борисов клубында жүр.

Өміртаев 2024 жылдың ақпанында Атыраудан кеткеннен кейін еркін агент ретінде Беларусь чемпионатына ауысты. Слуцк сапында 13 матчта гол+пас жүйесі арқылы 4+1 гол соқты. Сонымен бірге ол «Минск» (1:0) және «Нафтан» (4:1) командаларымен соңғы 2 ойында 3 гол соғып, Bet News нұсқасы бойынша жоғары лиганың 15-ші турының символдық командасына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или