русский язык
Теннис

Уимблдон-2024: Қазақстанның үздік теннисшісі үшінші айналымға жолдама алды

Уимблдон-2024: Қазақстанның үздік теннисшісі үшінші айналымға жолдама алды

Әлемнің 4-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы екінші айналымдағы кездесуде неміс теннисшісі Лаура Зигемундты 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 12 минутқа созылды.

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы Уимблдон 2024 1-13 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы - чехиялық Маркета Вондроушова. Ол былтыр финалда тунистік Онс Жаберді 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, 1/16 финалда Елена Каролин Возняцки (Дания) - Лейла Фернандес (Канада) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;