Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан үшінші құрама анықталды

Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан үшінші құрама анықталды

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшындар 1/8 финалда Словакияны 2:1 есебімен жеңді. 

Ойында есепті Словакия шабуылшысы Иван Шранц ашқан, команда бұл басымдылықты 90+5-минутқа дейін ұстап тұрды. Матч аяқталуға небәрі 1 минут қалғанда Джуд Беллингем керемет гол соғып, есепті теңестірді. Ал экстратайм басталған сәтте Харри Кейн Англияны алға шығады. 

Ширек финалда Англия Швейцариямен ойнайды. Матч 6 шілдеде Дюссельдорф қаласында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін турнир қожайыны Германия мен Швейцария ширек финалға жолдама алған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или