UFC 303 негізгі жекпе-жегінде Алекс Перейра нокаутпен жеңді
Бүгін Лас-Вегаста UFC 303 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шараның басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра мен бұрынғы титул иегері Иржи Прохазка сегізбұрышта кездесті.
Жекпе-жек екінші раундтың басында Перейра қарсыласын нокаутқа түсірді.
Олардың бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қараша айында өтіп, бразилиялық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или