Диего Лопес UFC 303 турнирінде Ортеганы алмастырған файтерді жеңді

Диего Лопес UFC 303 турнирінде Ортеганы алмастырған файтерді жеңді

Қазір Лас-Вегаста UFC 303 өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің  Дэн Иге мен Диего Лопес екінші маңызды жекпе-жегінде сегізбұрышта кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, бразилиялықтың жеңісімен аяқталды.

Лопестің қарсыласы бастапқыда Брайан Ортега болуы керек еді. Алайда америкалық спортшы денсаулығына байланысты турнирден бас тартты. Иге жекпе-жектің басталуына 3 сағат қалғанда шықты.

Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра бұрынғы титул иегері Иржи Прочазкамен реванш өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или