русский язык
Теннис

Уимблдон: қазақстандық теннисшілер жұптық сында кімдермен ойнайды

Уимблдон: қазақстандық теннисшілер жұптық сында кімдермен ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде жұптық сында кімдермен ойнайтыны белгілі болды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге 1/8 финалда Польша өкілдері Магдалена Френх – Катажина Кавамен шеберлік байқасады.

Бұл матч 3 шілде күні Астана уақытымен сағат 15.00-ге белгіленген.

Қазақстанның ерлер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Недовесов осыған дейін Истбурн ATP 250 турнирінде румыниялық Влад Виктор Корнямен бірге ойнап көріп еді, бірақ ол сәтті бола қойған жоқ. Сондықтан шығар, А.Недовесов Уимблдонда көптен бірге өнер көрсетіп жүрген эквадорлық Гонсало Эскобармен қайта жұптасады. Олар бастапқы кездесуін испаниялықтар Роберто Карбалес Баена – Пабло Карреньо-Бустамен өткізеді.

Александр Бублик пен Александр Шевченко үндістандық Юки Бхамби – франциялық Албано Оливеттиден өтуге тырысып көреді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;