Месси Аргентина құрамасының Америка кубогындағы матчына қатыспайды

Месси Аргентина құрамасының Америка кубогындағы матчына қатыспайды

Аргентина құрамасының бапкері Вальтер Самуэль Лионель Месси Америка кубогы топтық кезеңінде Перуге қарсы ойынға қатыса алмайтынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лео кейінгі ойында жарақат алған және алдағы [Перуға қарсы] матчқа қатыспайды. Біз оның жағдайын қадағалап, бәрі қалай болатынын бағалаймыз», - деп келтіреді Самюэльдің сөзін ESPN.

Чилиге қарсы матчтан кейін Месси жарақат алғанын хабарлаған еді.

Аргентина құрамасы алғашқы екі турдан кейін 6 ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алып қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или