русский язык
АВТО/МОТО

«Ред Булл» шабандозы Испания Гран-приінде жеңіске жетті

«Ред Булл» шабандозы Испания Гран-приінде жеңіске жетті

23 маусымда «Каталунья» (Барселона) кешенінде Формула 1-дің 2024 жылғы оныншы кезеңінің жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания Гран-приінің жеңімпазы «Ред Булл» шабандозы, нидерландылық Макс Ферстаппен болды. Екінші болып жақсы нәтиже көрсеткен «Макларен» шабандозы Ландо Норрис келді. Үздік үштікті «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон түйіндеді.

Формула-1. Испания Гран-приі. Жарыс:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 66 айналым
2. Ландо Норрис («Макларен»)
3. Льюис Хэмилтон («Мерседес»)
4. Джордж Расселл («Мерседес»)
5. Шарль Леклер («Феррари»)
6. Карлос Сайнс («Феррари»)
7. Оскар Пиастри («Макларен»)
8. Серхио Перес («Ред Булл»)
9. Пьер Гасли («Альпин»)
10. Эстебан Окон («Альпин»)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;