русский язык
Единоборства

Қазақ балуаны әлемдегі он мықтының қатарына кірді

Қазақ балуаны әлемдегі он мықтының қатарына кірді

Қазақстандық еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали 97 келі салмақта үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріккен әлем күресінің (UWW) жаңартылған рейтингінде Ерғали 23 500 ұпаймен 8-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Әлішер Будапештте (Венгрия) өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алған болатын.

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әзірбайжандық Магомедхан Магомедов (56,400 ұпай) көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;