Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Пауло Андре Дос Сантоспен бірге жартылай финалда түркиялықтар Ченгиз Ақсу — Алп Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен ұтты.

Қазақстандық-бразилиялық жұп финалда германиялық Никлас Шелл — ұлыбританиялық Маркус Уолтерспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Шелл — Уолтерс 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен екіншісінде Қазақстандық бразилиялық дуэт есе қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или