Рыбакинаны жеңген теннисші «Ролан Гаррос» финалына шықты

Рыбакинаны жеңген теннисші «Ролан Гаррос» финалына шықты

Ресейлік теннисші Мирра Андреева Франция ашық чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 жастағы теннисші жартылай финалда италиялық Жасмин Паолиниге (12‑нөмір) 3:6, 1:6 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.

Паолини финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Жасмин ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или