русский язык
Теннис

Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Ролан Гарростың жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде Рыбакина сенсациялық түрде италиялық Жасмин Паолиниден 2:6, 6:4, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, матч 2 сағат 5 минутқа созылған.

Әйелдер арасындағы Францияның ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуроны құрайды, турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы финалда чехиялық Каролина Мучованы ұтқан Ига Святек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;