Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Арменияны жеңді
Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сынында С лигасының топтық кезеңінің 4-ші турының ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Армения құрамасына қарсы кездесу 4:1 есебімен біздің құраманың пайдасына аяқталды.
Қазақстан – Армения – 4:1
Гол соққандар: Александра Бурова 28 (1:0), Аида Гайстенова 35 (2:0), Марал Артин 39 (2:1), Бибігүл Нурушева 57 (3:1), Әселхан Тұрлыбекова 58 (4:1).
Айта кетейік, матч алдында Қазақстан үш кездесуде үш жеңіліске ұшыраған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или