Биволдың екі әлем чемпионы үшін жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Ресейлік Дмитрий Бивол титулдық жекпе-жекте ливиялық Малик Зинадты нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек алтыншы раундта нокаутпен аяқталды. Бірінші раундта Бивол қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA және IBO чемпиондық титулдарын қорғады.
Айта кетейік, бастапқыда Биволдың бұл жекпе-жекте қарсыласы 39 жастағы ресейлік боксшы Артур Бетербиев болуы керек еді. Алайда Бетербиевтің жарақатына байланысты жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или