«Жетісудың» екі жартылай қорғаушысы «Ордабасыға» қарсы матчта алаңға шықпайды

«Жетісудың» екі жартылай қорғаушысы «Ордабасыға» қарсы матчта алаңға шықпайды

«Жетісудың» 29 жастағы грузин жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили алдағы ҚПЛ оныншы турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында алаңға шықпайды.

Тоғызыншы турда «Қызылжарға» қарсы ойында (0:0) Цотне Мосиашвили екі рет ескерту алғаны үшін алаңнан қуылды. Ол алдағы уақытта «Ордабасымен» өтетін матчқа қатыспайды.

Жалпы, Цотне Мосиашвили ағымдағы чемпионатта 7 кездесу өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде «Жетісудың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Виктор Брага да алаңға шықпайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или