русский язык
Хоккей

Шайбалы хоккейден Чехия құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды

Шайбалы хоккейден Чехия құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды

Шайбалы хоккейден Чехия құрамасы финалда Швейцарияны жеңіп, 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Қарсыластар алғашқі екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Үшінші кезеңде чехиялық Давид Пастрняк 49-минутта мергендік танытса, Давид Кемпф 59-минутта жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша Чехия қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Нәтижесінде мұндай табысты өз тарихында жетінші мәрте бағындырып отыр.

Чехиялық хоккейшілер соңғы рет мұндай жетістікке 2010 жылы қол жеткізген еді.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында Швеция құрамасы қола жүлдегер атанды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;