OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегі жарияланды

OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегі жарияланды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда 23 маусымға жоспарланған OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Мейн-ивентте жеңіліп көрмеген «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7-2) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Сондай-ақ, жекпе-жек кеші аясында аралық салмақта өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (12-3) танымал қазақстандық файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион, титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) торда «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудесси Бритоға (9-3) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или