Танымал қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Танымал қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстан уақытымен ертен таңертең қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың (20-1, 15 КО) жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Детройттағы (Мичиган, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді. Қазақстандық спортшы коста-рикалық Энкарнасион Диаспен (18-4, 11 КО) кездеседі. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ахмедов таразыда 77,56 келі, қарсыласы 76,92 келіні көрсетті.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 27 сәуірде Алматыда «IBA чемпиондар түні» аясында өткізді. Ахмедов екінші раундта венесуэлалық Карлос Ривероны (26-4-1, 15 КО) нокаутқа түсірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или