русский язык
Теннис

«Roland Garros-2024»: Қазақстанның үздік теннисшілерінің алғашқы қарсыластары белгілі болды

«Roland Garros-2024»: Қазақстанның үздік теннисшілерінің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі «Roland Garros-2024» жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина бірінші айналымда әлемдік рейтингте 86-орында тұрған бельгиялық теннисші Греет Минненмен кездеседі.

Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы АҚШ өкілі Слоун Стивенс болады. Бұл теннисші 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының чемпионы.

Ерлер арасындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик алғашқы кездесуін лаки-лузерге қарсы өткізеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконың турнирдегі өнерін Ресей өкілі Аслан Карацевке қарсы бастайды.

2024 жылғы Франция ашық чемпионатының негізгі жарысы 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко «Ролан Гаррос-2024» турниріне бірлесіп жаттығу өткізгенін жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;