русский язык
Хоккей

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан оңбай ұтылды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан оңбай ұтылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Чехияда өтіп жатқан 2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алтыншы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жолы Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері АҚШ құрамасынан 1:10 есебімен жеңілді. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Әлихан Өмірбеков соқты.

Ғалым Мәмбеталиев мына ойыншыларды алаңға шығарды: Бояркин (Шутов); Гайтамиров — Бекетаев, Омирбеков — Старченко — Рымарев; Орехов — Данияр См, Михайлис — Мухаметов — Панюков; Королев — Диханбек, Шульга — Муратов — Савицкий; Бреус — Мусоров, Бойко — Рахманов — Асетов.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында қатарынан бесінші рет жеңіліп, 3 ұпаймен 7-орында тұр. Олар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Әлем чемпионатындағы келесі ойынды Қазақстан құрамасы 20 мамырда Польшаға қарсы өткізеді.

АҚШ – Қазақстан – 10:1 (4:0, 3:0, 3:1)

Шайба соққандар:

1:0 Болди (Нельсон, Хьюз), 04:37
2:0 Ткачук (Веренски, Годро), 07:16, ГБ
3:0 Нельсон (Сандерсон, Болди), 16:50
4:0 Ткачук (Веренски, Годро), 18:28, ГБ
5:0 Бриндли (Кессел, Канин), 21:39
6:0 Болди (Ткачук), 23:32, ГБ
7:0 Канин (Болди, Веренски), 31:04
8:0 Ткачук (Болди, Годро), 45:21, ГБ
9:0 Хейз (Питри), 45:42
9:1 Омирбеков (Королев, Старченко), 46:57
10:1 Годро (Болди), 50:06

Қақпашылар: Неделькович - Бояркин (Шутов)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;