Олимпиадаға іріктеу: Еркін күрестен қазақстандық үш балуан бүгін жолдамаға таласады

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еркін күрестен Рахат Қалжан (57 келі) бүгін жолдамаға таласу мүмкіндігін жалғастырады.
Қазақстандық балуан ширек финалда әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Алиреза Сайлактан (Иран) 7:2 есебімен басым түсті.
Одан кейін Пан-Америка ойындарының чемпионы Спенсер Лиге жол беріп қойды.
Енді ол бүгін, 12 мамырда Олимпиада лицензиясын алу үшін 2 белдесуде жеңіске жетуге тиіс
Ел құрамасынан Адлан Асқаров (65 келі) екінші айналымда, Нұрғожа Қайпанов (74 келі) бірінші кезеңде жеңіліс тапты.
Десе де, олардың әлі де Олимпиада жолдамасына таласу мүмкіндігі бар. Ол үшін балуандар алдағы 3 белдесуде жеңіске жетуі тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или