ГЛАВНАЯ
Единоборства
Астанадағы GRAND SLAM турнирінде он қазақстандық дзюдошы бірінші айналымда жеңілді
Астанадағы GRAND SLAM турнирінде он қазақстандық дзюдошы бірінші айналымда жеңілді

Дзюдодан Қазақстан құрамасының он өкілі Астанада өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясы турнирінің бірінші айналымынан өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев және Ислам Бозбаев бастапқы тапсырманы орындай алмады. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Еламан Ерғалиев бірінші айналымда жеңіліп қалды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Лаура Жәнібекова мен Анастасия Нагачевская (екеуі де 78 келі салмақ дәрежесінде) жеңілді. 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова, Карина Такиева екінші айналымға өте алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или