Қуат Хамитов Александр Шлеменкоға есе жіберді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкоға есе жіберді.
Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко Екатеринбургте (Ресей) өткен RCC 19 турнирінде кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27).
Қазір Шлеменконың есебінде 65 жеңіс, 15 жеңіліс бар. Бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түссе, тағы бір жекпе-жегі нәтижесіз аяқталған.
Ал Хамитов кәсіпқой MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар. Бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или