Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сырқатына байланысты Римде өтетін WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің төртінші ракеткасы жұма күні румыниялық Ирина Бегуға қарсы екінші айналымдағы кездесуін өткізуі керек еді. Келесі айналымда Бегу Элисе Мертенс (Бельгия) мен Катерина Синякова (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакина былтыр Римде өткен турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или