Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы алтын медальді жеңіп алды
2024 жылы Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшысы Аяжан Сыдық финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сыдық финалда үндістандық боксшы Таманнамен кездесіп жеңіске жетті.
Бұған дейін жартылай финалда Аяжан өзбекстандық боксшы Узукжамол Юнусованы жеңген болатын.
Айта кетейік, Аяжан Сыдық 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или