русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты

Қазақстандық спортшы, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Астанада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

54 келіге дейінгі боксшылар арасындағы кездесуде қазақстандық боксшы Тәжікстан спортшысы Фотима Бекмурадовамен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді түрде жеңіске жетті.

Енді Элина Базарованың финалдағы қарсыласы – үнді боксшысы Преети Преети.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;