Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жекелей сынында франциялық теннисшіні жеңді
![Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жекелей сынында франциялық теннисшіні жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_ab7a51d1a24465730b3f4e5e14eda3b8.webp?v=28702215)
Әлемнің 492-ракеткасы, қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Хаммаметтегі (Тунис) ITF турнирінің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші турнирдің 1/16 финалы аясында франциялық Эмма Маззонимен кездесіп, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, қазақстандық теннисші жақында Хамаметтегі турнирдің жұптық сынында голландиялық теннисші Жасмин Гимберемен бірге жарыс чемпионы атанған болатын.