Мадридтегі беделді турнирдегі Қазақстан дербиі драмамен аяқталды

Мадридтегі беделді турнирдегі Қазақстан дербиі драмамен аяқталды

Бүгін Мадридтегі (Испания) WTA 1000 санатындағы турнирде қазақстандық дерби өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 4-орын) ширек финалда еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцевамен (WTA рейтингінде 50-орын) кездесті.

Бірінші сетте Путинцева үздік көрінді, ол партияда екі гейм айырмашылығымен басым болды. Алайда Рыбакина екінші сетті оңайлықпен бергісі келмеді: теннисшілер тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде Елена тай-брейкте жеңісті жұлып әкетті. Шешуші партияда Путинцева 5-2 есебімен алға шыққан, бірақ Рыбакина керемет камбэк жасады.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін өткен кездесу 4-6, 7-6 (7-4), 7-5 есебімен Еленаның жігерлі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта үш сағатқа жуық уақыт өткізді.

Айта кетейік, жеке текетіресте Путинцева 2:0 есебімен алда болатын. Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Қазақстанның екінші ракеткасын жеңе алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или