Единоборства

Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова Гонконгта қола үшін таласады

Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова Гонконгта қола үшін таласады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия біріншілігінің екінші жарыс күнінде екі қазақстандық спортшы қола медальға таласады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ерлер арасында 81 келіде бақ сынайтын Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Хваннан жеңіліп, қолаға күресу мүмкіндігін алды.

Ал қыздар арасында 63 келіде сынға түскен Эсмигуль Куюлова жапон спортшысынан ұтылған соң, жұбаныш белдесуінде үнділік спортшыны жеңді.

Бүгін татамиге шыққан басқа спортшыларымыз жүлдеге жақындай алған жоқ. Олардың қатарында былтырғы Азия чемпионы Данияр Шамшаев та бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер