Единоборства

Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатында медаль үшін таласады

Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатында медаль үшін таласады
news-banner7
mobile-news-top

Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнінде екі қазақстандық спортшы жарыстың финалдық блогына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда Ли Джун Хванға (Оңтүстік Корея) есе жіберді. Ол медаль алу мүмкіндігін сақтап қалды. Соңғы блокта қола жүлдеге таласады.

Есмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қайталау раундында жеңіске жетті. Енді ол Азия чемпионатының қола жүлдегері атануға тырысады.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның қоржынында екі қола бар..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер