Единоборства

Қазақстан Бішкекте әйелдер күресінде Олимпиада жолдамасыз қалды

Қазақстан Бішкекте әйелдер күресінде Олимпиада жолдамасыз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде әйелдер күресінен бәсеке аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама барлық 6 салмақта спортшы қосып, өкінішке қарай, ешқайсы лицензияға иелік ете алмады.

Жолдамаға бір қадам қалғанда командадағы ең жас палуан Лаура Ғаниқызы (50 кг) Азия чемпионатының 6 дүркін жүлдегері Ваништен (Үндістан) таза жеңілді (0-10).

Тәжірибелі Жұлдыз Эшимова (53 кг) жартылай финалда Солтүстік Корея спортшысы Хюгунг Чоға 0-4 есебімен жол берді.

Ұлттық құраманың соңғы үміті болған Жәмилә Бақбергенова (76 кг) жартылай финалда қытайлық атлет Вангтан (1-6) айласын асыра алған жоқ.

Күндізгі сессияда Эмма Тисина (57 кг) ширек финалда Кэксин Хонгтен (Қытай), Ирина Кузнецова (62 кг) үндістандық спортшы Мансиден, Елена Шалыгина (68 кг) Солтүстік Корея палуанынан жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер