Единоборства

Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында тұңғыш рет жүлдегер атанды

Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында тұңғыш рет жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық татами шебері Ғалия Тынбаева қола медаль жеңіп алды. Бұл оның Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

48 келі салмақта қола медаль үшін белдесуде қос қазақстандық балуанның жолы түйісті.

Нақтырақ айтсақ, Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова қола жүлдені өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Тынбаева сәл басымдылықпен жеңіске жетті.

Осылайша Әбужақынова Сарықұрлық додасын жүлдесіз аяқтады. Ол осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада (2022 жыл) өткен құрлық чемпионатында осы салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Аталған Сарықұрлық додасында 34 елдің 262 таңдаулы татами шеберлері өзара кім мықтыны анықтап жатыр.

Аталған біріншілікте ерлер арасында 60 келі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Елдос Сметов сынға түссе, 66 келі салмақта Ғұсыман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали ел намысын қорғамақ. Ал 73 келі салмақта Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов белдеседі. 81 келі салмақта Абылайхан Жұбаназар, -100 келі салмақта Нұрлыхан Шархан, аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев сынға түсуде.

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия тынбаева, 57 келі салмақта Бақыт Құсақбаева сынға түседі. Сонымен қатар 63 келі салмақта Есмигүл Куюлова, 70 келі салмақта Екатерина Токарева, -78 келі салмақта Аруна Жангельдина мен Маргарита Гриценко ел намысын қорғамақ. Ал аса ауыр салмақта (+78) Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазановаға үміт артамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер