Әлем футболы

ПСЖ көшбасшысы Чемпиондар лигасындағы гол саны бойынша үздік ондыққа кірді

ПСЖ көшбасшысы Чемпиондар лигасындағы гол саны бойынша үздік ондыққа кірді
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Барселонаға» қарсы ойында (4:1) дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француздық форвард Чемпиондар лигасында 71 ойыннан кейін 48 гол соққан.

Бұл көрсеткіш бойынша Мбаппе Андрей Шевченконы (100 матчта 48) және Златан Ибрагимовичті (124 кездесуде 48) қуып жетіп, тарихтағы үздік 10-дыққа енді.

Жақын арада Мбаппе Чемпиондар лигасындағы голдар саны бойынша Альфредо Ди Стефанодан (49 гол) және Тьерри Анриден (50) асып түсуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер